389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда 13 мың адам су тасқынынан зардап шекті

  • 253
Үндістанда 13 мың адам су тасқынынан зардап шекті BBC.com

Үндістанның Ассам штатында бірнеше күн жауған жауын тасқынға ұласты.

Табиғат апатынан 13 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ең қауіпті деп саналған Джорхат штатында әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Баспаналарын тастауға мәжбүр болған тұрғындар уақытша лагерьге орнатылды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Брахмапутра өзенінің суы қауіпті деңгейге дейін жетіп отыр. Құтқарушылардың эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге тасқыннан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы