Қытайдың шығысында 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оған аймақтағы қатты жауын себеп болған.
Жаңбыр салдарынан Лицзян мен Гуанси өзендеріндегі су деңгейі 147 метрге көтеріліпті. Сөйтіп арты су тасқыны мен көшкінге ұласты. Нәтижесінде ондаған үй қирап, көптеген аудан жарықсыз қалды. Төтенше жағдайға байланысты табиғи апат орнында қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.