388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватиядағы zipline аттракционы құстай самғауға мүмкіндік береді

  • 177
  • UPD: 23:27, 09.07.2019
Хорватиядағы zipline аттракционы құстай самғауға мүмкіндік береді

Хорватияда туристерге сағатына 120 шақырым жылдамдықпен табиғаттың шебер қолы бейнелеген көздің жауын алар көріністер үстінен ұшып өту ұсынылуда.

Себебі бұл елде ұзындығы 1 мың 700 метрді құрайтын «Пази Медо» зиплайны орналасқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Еуропадағы ең ұзын зиплайн аттракционы болып саналады. Осымен үшінші жыл жұмыс істеуіне қарамастан келушілердің саны әлі де артуда дейді олар. Бойды адреналин шарпып, естен кетпес әсер алу үшін оған Еуропа мен Азия және Солтүстік Америкада келген туристер легі келеді екен.

Хабар 24 телеарнасы