389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Иранды ядролық келісім шарттарын бұзбауға шақырды

  • 263
  • UPD: 08:05, 10.07.2019
ЕО Иранды ядролық келісім шарттарын бұзбауға шақырды MIGnews

Еуроодақ сыртқы саяси қызметінің өкілі Майя Косьянчич Иранды ядролық келісім шарттарын бұзбауға шақырды.

Бірлестік Тегеранның келісім аясында рұқсат етілген мөлшерден тыс уран өндіргені туралы мәлімдемесіне қатысты шара қабылдамас бұрын Атом халықаралық агенттігінің қорытындысын күтеді.

Еске сала кетсек, Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде келісімге 2015 жылы қол қойылған болатын. Оған дейін ұзақ уақыт Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия және Ресеймен келіссөздер жүрген еді. Алайда биыл АҚШ келісімнен шығатынын жариялап, Иранға қарсы санкциялар енгізді. 

Майя Косьянчич, Еурокомиссия өкілі:

– Біз Иранды ядролық келісімді бұзатын қосымша шаралар қабылдамауын және осы келісім аясында алған міндеттемелеріне сәйкес келмейтін барлық әрекеттерін доғаруға шақырып отырмыз. Бұл белгіленген мөлшерден асатын төмен байытылған уран шығаруға да қатысты.

Хабар 24 телеарнасы