389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда шетелдік студенттер аптасына 20 сағат жұмыс істей алады

  • 330
  • UPD: 14:46, 10.07.2019

Айлық табысы да 700 еуродан аспауы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан асатын болса мемлекетке салық төлеуіне тура келеді. Берлинде білім алып жүрген қазақстандық студенттердің айтуынша, жұмыс берушілер жастарды жұмысқа қуана-қуана алады. Германияда оқып жүрген отандастарымыздың көбі сабағы мен жұмысын қатар алып жүреді. Алдымен сатушы немесе даяшы болып нәпақа тапса, уақыт өте келе өз мамандығы бойынша жұмыс қарастыра бастайды. Әдетте жұмысты бос орындар жәрмеңкесі мен интернеттегі студенттерге арналған арнайы порталда табады. Бастапқыда шағын фирмаға орналасқандарға болашақта тұрақты жұмыс табу мүмкіндігі артады.

Инкар Бекиш, студент:

– Экономист мамандығы бойынша оқып жүріп өзіме осы салада жұмыс таптым. Аптасына 16 сағат жұмыс істеймін. Сондықтан оқуыма да үлгеремін. Әрине, жергілікті студенттермен бәсекеге түскендіктен, әрі неміс тілі ана тіліміз болмағандықтан қиындау болады. Дегенмен жұмыс берушілер шет елдің азаматтарына да жиі мүмкіндік беріп тұрады.

Расул Рахим, студент:

– Әдетте жастар бір жыл оқып болғаннан кейін мамандық бойынша жұмыс іздей бастайды. Ал мен екінші курстан кейін кірістім. Мен үшін жұмыс табу оңай болды. Таныстарымның барлығы оқып жүріп болашақ кәсібі бойынша шағын фирмаларда жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы