389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде көпшілікке кішкентай керік таныстырылды

  • 432
  • UPD: 10:19, 10.07.2019
Парижде көпшілікке кішкентай керік таныстырылды

Париждегі хайуанаттар бағында көпшілікке дүниеге жаңа келген керіктің төлі таныстырылды.

Зообақ келушілері кішкентай керікті туғаннан бері енді ғана көріп отыр. Хайуанаттар бағының жаңа тұрғыны ешкімді жатырқамайды. Тіпті өзіне деген ерекше назарға үйреніп те кеткен.

Бақ қызметкерінің айтуынша, жаңа туған жануар керіктердің кордофон деп аталатын түріне жатады. Бүгінде әлем бойынша  олардың саны 1500-ден аспайды екен. 

Хабар 24 телеарнасы