383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиялық студенттерге жұмыс табу қиын

  • 113
  • UPD: 14:43, 10.07.2019
Грузиялық студенттерге жұмыс табу қиын

Грузиядағы жастарға екі қолға бір күрек табу оңай емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми мәлімет бойынша, Грузияда 2017 жылы тәжірибесі жоқ 141 мың студенттің 60 пайызы жұмыс таба алмаған. Еңбек жағдайының нашарлығы мен жалақының төмен болуы да талантты жастардың еңбек етуге деген талпынысын өшіреді. Осыдан бірнеше жыл бұрын елдегі студенттерді жаз айларына жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған болатын. Оның аясында 2011 жылы 25 студент жұмысқа тұрды. Енді елдің білім беру министрлігі бұл жобаны қайта қолға алмақ.

Наталия Долидзе, студент:

– Фармацевт мамандығы бойынша білім аламын. Студенттерге жұмыс табу қиын. Даяшы немесе тазалаушы сияқты вакансиялар ғана бар. Оқып жүргендіктен бұл жұмыс маған сәйкес келмейді. Сондықтан туристік фирмада гид болып істеймін. Студент ағам бос уақытында жүргізуші болып істейді. Екеуміз саяхатшылармен ел аралап табыс тауып жүрміз. Биыл туристердің саны аз болғандықтан, басқа жұмыс іздеуіме тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы