389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияда танымал блогерлер парақшасының паролі бірнеше адамға берілуі мүмкін

  • 407
Данияда танымал блогерлер парақшасының паролі бірнеше адамға берілуі мүмкін

Данияның балалар істері және білім министрі Пернилле Розенкрантц-Тайль әлеуметтік желілерде танымал блогерлердің жазбаларын реттеуді ұсынды.

Бұл ұсынысты Данияда 336 мың оқырманы бар танымал блогер Фие Лаурсен Instagram парақшасында өз-өзіне қол салу туралы жазба қалдырғаннан кейін жасады.

Жазба желіде екі күн бойы тұрған. Кейін оны блогердің отбасы өшіріп тастаған. Оның отбасы Ф.Лаурсеннің ауруханада екенін, денсаулығы дұрысталып келе жатқанын растады.

«Біз әлеуметтік желілердегі балаларымыз бен жастардың, жалпы барлығының қамын жеуіміз керек.  Сондықтан біз БАҚ этикасы әлеуметтік желілердегі ірі профиль иелеріне де қатысты болуына ұмтылуымыз керек. Ал парақша иелеріне редакторлық жауапкершілік артылуы тиіс», - деп жазды Пернилле Розенкрантц-Тайль Twitter-де.

Лаурсеннің жазбасына 30 мыңнан астам адам лайк басып, 8 мыңнан астам адам пікір қалдырған.

«Адамдардың әлеуметтік желілердегі оқырман саны белгілі бір деңгейге жеткен кезде олардың жауапкершіліктері газеттің редакторы немесе дәстүрлі БАҚ өкілдерімен бірдей болуы керек», - деді министр.

Егер танымал блогер ережені бұзса, оның жазбасы өшірілуі қажет. Оқырмандар саны белгілі бір деңгейге жеткен танымал адамдардың профильдерінің бірнеше администраторлары болуы тиіс.

BBC

Хабар 24 телеарнасы