383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда әуе шабуылынан 7 адам мерт болды

  • 122
  • UPD: 10:42, 11.07.2019
Сирияда әуе шабуылынан 7 адам мерт болды

Сириядағы қанды қырғын аяқталар емес.

Бұл жолы елдің солтүстік батысындағы Джиср-эш-Шугур провинциясындағы әуе шабуылынан 7 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үшеуі бала. Жараланған 14 адам ауруханаға жеткізілді. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы екі айда осы аймақтағы атыс-шабыстан 544 адам көз жұмды. Шамамен 2000 тұрғын жарақат алған. Соғыс салдарынан 300 мыңға жуық сириялық азамат туған мекендерін тастап, Түркиямен шекаралас жерге көшуге мәжбүр болды. Ал БҰҰ «Идлиб маңы гуманитарлық дағдарысқа ұшырады» деп дабыл қағуда.

Хабар 24 телеарнасы