389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда пойыздар соқтығысуынан он шақты адам көз жұмып, 67 адам зардап шекті

  • 369
  • UPD: 14:55, 11.07.2019
Пәкістанда пойыздар соқтығысуынан он шақты адам көз жұмып, 67 адам зардап шекті iz.ru

Пәкістанда жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысып, салдарынан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 67 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған. Қайғылы оқиға Пәкістанның солтүстігіндегі Пенджаб елді мекенінің маңайында болды. Кветтадан Лахорға шыққан жолаушылар пойызы қатты жылдамдықпен келіп Рахимьяр-Хар қаласында тұрған жүк пойызына соқтығысқан. Алдын ала ақпарлар бойынша жолаушылар пойызы өзінің жолымен жүрмеген. Зардап шеккендер қазір ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 9 әйел мен 11 бала бар. Тергеу амалдары басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы