Италияда бұршақ аралас құйын салдарынан қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді
- 811
- UPD: 11:41, 11.07.2019

Италияда ауа райының қолайсыздығынан 18 адам зардап шекті.
Елдің солтүстік-шығысында бұршақ аралас құйын болып, тұрғындардың мазасы қашқан, деп хабарлайды «Хабар 24». Дүкен сөрелері мен көлік терезелері қираған. Тіпті Италияның алты ауданында қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді. Жағалаулар мен қалалық демалыс орындары жұмысын уақытша тоқтатты. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығы Испания елінде де тіркелді. Онда толассыз жауған жауын салдарынан көлдер арнасынан тасып, көшелерді су басып қалған.