383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі отставкаға кетті

  • 108
  • UPD: 11:55, 11.07.2019
АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі отставкаға кетті Инфо24

АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі Ким Дэррок отставкаға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған бірнеше күн бұрын туындаған дипломатиялық жанжал себеп. Ақпарат құралдары Дэрроктың Трамп туралы жағымсыз пікірі жазылған хаттарын жариялады. Бұл жағдай АҚШ президентінің ашуын тудырғаны анық. Тіпті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында ағылшын елшісімен бұдан әрі жұмыс істемейтінін ашық айтты. Таяқтың ұшы Британияның премьері-министрі Тереза Мэйге де тиген еді. Осыдан кейін Ким Дэррок қызметтен кетуге шешім қабылдаған.

Тереза Мэй, Ұлыбританияның премьер-министрі:

- Бүгін таңертең Ким Дэррокпен сөйлестім. Оның елшілік қызметтен кеткені өкінішті. Ол министрлер кабинетінің қолдауына ие екенін атап өттім. Ким Біріккен Корольдікке қызмет көрсету үшін өз ғұмырын арнаған. Осы үшін біз оның қызметіне шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы