384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда бұқалар фестивалі өтіп жатыр

  • 128
  • UPD: 12:08, 11.07.2019
Испанияда бұқалар фестивалі өтіп жатыр Living in Travels

Испанияның Памплона қаласында бұқалар фестивалі тойлануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ түсті жейде мен мойындарына қызыл орамал таққан ер азаматтарды бұқалар ұзындығы 875 метрге жететін тар көшенің бойымен қуды. Әрқайсысы 600 келі тартатын бұқалардан қашу марафоны 2 минут 19 секундқа созылды.

Айта кетерлігі, өгізден қашу испандықтардың ұлттық спорт түрі. Өткен жексенбіде қоршаудан босатылған бұқалардың бірі жеті адамды жайпап өткен. Салдарынан үш адам жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы