383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Монако Еуропа елдерінің ішінде алғаш болып 5G желісін іске қосты

  • 116
  • UPD: 12:44, 11.07.2019
Монако Еуропа елдерінің ішінде алғаш болып 5G желісін іске қосты

Монако Еуропа елдерінің ішінде алғаш болып, Huawei-дің технологиясына негізделген 5-G интернетіне қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайлық компанияның вице-президенті атап өткендей, бұл өзге де елдерге үлгі боларлық батыл қадам. АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, Huawei 5-G желісін құру бойынша жаһандағы 50 елмен келісімшарт жасады.

Естеріңізге салсақ, Құрама штаттар Huawei-дің кибер қауіпсіздігіне күмән келтіріп, одақтас елдерді оның 5-G технологиясынан бас тартуға мәжбүрлеп келген. Осыған қарамастан, Monako Telekom компаниясы онымен жұмыс істеуге шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы