383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда құйыннан 6 шетелдік саяхатшы көз жұмды

  • 96
  • UPD: 13:46, 11.07.2019
Грекияда құйыннан 6 шетелдік саяхатшы көз жұмды

Грекияның солтүстік-шығысында ойран салған құйыннан 6 шетелдік саяхатшы мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде Чехия, Румыния мен Ресей азаматтары мен 8 жастағы бала бар. Тағы 70-ке жуық адам жарақат алды. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Құйыннан көбінесе аймаққа келген демалушылар зардап шеккен.

Айта кетейік, бұршақ аралас жауын-шашын мен дүлей дауыл Испания, Франция мен Италияда да ойран салды. Жуырда табиғат апатынан Испанияның Тафалья қаласында да бір адам мерт болды.

Хабар 24 телеарнасы