383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласы топан су астында қалды

  • 111
  • UPD: 14:10, 11.07.2019
АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласы топан су астында қалды

Аймақта су деңгейі 1 метрге дейін көтерілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге шаһардың 3 ауданы зардап шеккен. Мамандар тағы 14 ауданды су басатынын айтады. Аймақта барлық кеңселер мен ғимараттар жұмысын тоқтатты. Көшеде көлік қатынасы да тежелді. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, жақын арада жауын-шашынмен қоса торнадо да соғуы мүмкін. Осыған орай билік тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы