384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде Walmart қызметкерлері ереуілге шықты

  • 106
  • UPD: 14:45, 11.07.2019
Чилиде Walmart қызметкерлері ереуілге шықты

Чилидегі Walmart алып компаниясының кәсіподақ мүшелері наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілге шыққандар жалақының төмендігіне шағымданады. Компанияның 17 мың қызметкері еңбек шартына келіспей, жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Салдарынан қазір елдегі 400-ге жуық дүкеннің 124-і жабық. Ал компания басшылығы жалақыны тек 3%-ке көтеруге ниетті. Бірақ жұмысшылар бұл ұсыныстан бас тартып еңбекақыны 4%-ке арттыруды талап етеді. 

Вероника Пачеко, ереуілші:

- Біздің жалақымыз өте төмен. Бұдан былай бұған шыдай алмаймыз. Жұмыс беруші талабымызды орындамайынша, осы жерден қайтпаймыз, жұмысқа да шықпаймыз.

Хабар 24 телеарнасы