383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезия билігі ел аумағына заңсыз әкелінген 210 тонна қоқысты Австралияға қайтармақ

  • 108
  • UPD: 14:48, 11.07.2019
Индонезия билігі ел аумағына заңсыз әкелінген 210 тонна қоқысты Австралияға қайтармақ

Кеден қызметі өкілінің мәлімдемесіне сай, бастапқыда Сурабая қаласына тек қағаз жиналған 8 контейнер жеткізілуі тиіс еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда олардың ішінде қауіпті материалдар мен тұрмыстық қалдықтар болған. Жалпы контейнерлерді Индонезияға жеткізумен 3 компания айналысады. Осыған байланысты қазір полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетсек, бұл соңғы бір ай ішінде тіркелген екінші жағдай. Өткен жолы ел билігі қоқысты Канадаға кері қайтарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы