383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Кипрдің экономикалық аймағында бұрғылау жұмыстарын жалғастырады

  • 137
  • UPD: 14:53, 11.07.2019
Түркия Кипрдің экономикалық аймағында бұрғылау жұмыстарын жалғастырады

Түркия Еуроодақтың жағымсыз реакциясына қарамастан Кипрдің экономикалық аймағында бұрғылау жұмыстарын жалғастыра береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады. Қазір түріктің «Фатих» және «Явуз» атты бұрғылау құрылғылары Кипрге жіберілген. Бұл қадамға Грекия тарапы наразылық танытты. Ал Ыстамбұл өңірден табылған газ кен орнынан табиғи байлықты өндіруге құқығымыз бар деп отыр. Сондай-ақ бұл әрекет заңды түрде жүзеге асып жатқандығын айтады. АҚШ Түркияның қадамын араңдатушылық деп отыр. Ал, Еуроодақ пен өзге әлем елдері тараптарды сабырға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы