384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран британдық танкердің жолын кес-кестегені үшін айыпталды

  • 164
  • UPD: 18:55, 11.07.2019

Ормуз бұғазындағы британдық танкерді тоқтатпақ болғаны үшін Ұлыбритания Иранды айыптап отыр.

Британ үкіметі мәліметінше, ирандық бірнеше катер кеменің жолына бөгет болған. Алайда танкермен бірге жүзген фрегат экипажы ескерту жасағаннан кейін олар кемені жайына қалдырыпты. Өз кезегінде Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф кемені тоқтату әрекетін теріске шығарып отыр. Дәл осындай мәлімдемені Ислам революциясының сақшылар корпусы да жасады. Айта кетейік, өткен аптада британдық теңіз күштері Гибралтар бұзағында Иран мұнайын тасылдамаған кемені ұстаған еді. Кеме экипажы өңделмеген 2 миллион баррель мұнайды Сирияға жеткізбек болған. Бұл өз кезегінде Еуроодақтың Сирияға салған санкцияларына қайшы әрекет болып табылады. Осы оқиғадан кейін Тегеран Лондонға қарсы жауап қайтаруға уәде берген еді.

Хабар 24 телеарнасы