384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекиядағы алапат дауыл салдары түсірілген видео жарияланды

  • 186
  • UPD: 17:30, 11.07.2019

Грекияның солтүстігінде алапат дауыл соғып, толассыз жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан алты турист қаза тапты. Қаза тапқандардың екеуі бала.

Қайғылы оқиға Халкидики түбегінде болған. Туристер Грекияға Чехия, Румыния және Ресей елдерінен келген. Бұдан бөлек табиғи апат салдарынан 108 адам зардап шеккен. Соның ішінде төрт адам ауыр халде жатыр. Грекия билігі түбекте төтенше жағдай жариялады. Табиғи апат болған аймаққа өрт сөндіру қызметі мен азаматтық қорғаныс күштері тартылуда.

keeptalkinggreece.com

Хабар 24 телеарнасы