383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегияда суға батқан КСРО кемесінен радиация қаупі сейілмеген

  • 137
  • UPD: 18:26, 11.07.2019
Норвегияда суға батқан КСРО кемесінен радиация қаупі сейілмеген

Осыдан 30 жыл бұрын Норвегия теңізіне батқан кеңестік атом сүңгуір кемесінен әлі де радиациялық қауіп бар.

Бұл туралы кемеге тексеріс жүргізген ғалымдар мәлімдеп отыр. Олар суасты кемесінің желдеткіш құбырынан шығатын судың сынамаларын алып зерттеген. Нәтижесінде кеме маңында қауіпті заттардың шоғырлану деңгейі 800 мың есе артқаны анықталған. Дей тұрғанмен, алаңдауға негіз жоқ дейді ғалымдар. Себебі мұндай тереңдіктегі ластануды теңіз суы дереу жойып жібереді екен. Айта кетсек, «Комсомолец» атты кеме 1989 жылы өрт салдарынан суға батып, салдарынан экипаждың 32 мүшесі қаза тапқан еді. Кейін 1700 метр тереңдікте жатқан сүңгуір кеменің реакторы сөндірілген болатын. Алайда торпедолық аппараттарда қайыққа қарсы ядролық зымырандар қалып қойған. Сондықтан жоспарлы тексеріс жұмыстары Норвегияда жыл сайын өткізіліп тұрады екен.

Хабар 24 телеарнасы