384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран уран байыту мен ядролық қару өндірісі арасындағы байланысты атады

  • 386
  • UPD: 22:18, 11.07.2019

Британдық мұнай танкерінің жолын бөгеуге қатысты мәліметті ресми Тегеран жоққа шығарып отыр. Иранның Сыртқы  істер министрі Джавад Зариф «мұндай мәлімдеме өңірдегі ахуалды ушықтыруған бағытталған» деген пікірде.

Алайда Ұлыбритания тарапы бұған сене қоймайтыны анық. Өйткені шіледнің 4-і күні Гибралтар бұғазында ирандық кемені жолдан қалдырған болатын. Осыған қатысты Иран Президенті кеше ғана Ұлыбританияға енді есе жібермейтінін айтып қалды.

Хасан Роухани, Иран президенті:

- Сіздер, британдықтар, өңірдегі қауіпсіздікті қатерге тіктіңіздер. Енді соның зардабын тартасыздар. Қазірдің өзінде танкерлеріңіз жолға шыққанда фрегат кеменің бірін ертіп шығуға мәжбүр болды. Өйткені мына істен кейін өздеріңіз қорқып қалдыңыздар.

Расымен Гибралтар бұғазында Иран кемесін тоқтатқан соң, Ұлыбритания сақтықты күшейтуді жөн деп тапты. Ирактың Басра портына бет алған The British Heritage кемесі 6-шілде күні сапарын тоқтатқан еді. Сауд Арабиясының жағалауында біраз аялдаған соң, өзімен бірге әскери кемені ертіп жолға шықты. Бұғаздағы ахуалдың салдарынан бірнеше күннен бері мұнай бағасының өсімі байқалады. 

Мәселен, британдық танкерге қатысты бүгінгі жағдайдан кейін, Лондонда Брент маркалы мұнайдың бағасы 13 центке көтерілді. Қазір оның бағасы 67 доллар 14 центті құрап отыр.

Ормуздағы ахуалдың ушығуына АҚШ өз ықпалын тигізгені баршаға мәлім. Венадағы Атом қуаты бойынша халықаралық агенттіктің алқалы жиынында Америка делегациясы Иранға қысым күшейтуді талап етті. Өйткені осы аптада Тегеран уран байыту ісін жаңғыртуға кіріскен. Күн тәртібіне енген бұл мәселені талқылау кезінде МАГАТЭ мүшелері АҚШ-тың талабына құлақ аспады.

Фу Конг, Қытайдың Сыртқы істер министрі:

- ядролық келісімнен шығып кеткен АҚШ-тың бұл кездесуде Иранның уран байыту ісін талқылағысы келгені қисынсыз. Ия, Иранның осыған қатысты ұстанымы МАГАТЭ делегаттарын алаңдатады. Бірақ АҚШ-тың орынсыз талабы және жалпы ядролық келісімді сақтамауы сынға алынды. 

Иранның қайтадан уран байыту ісін қолға алуы МАГАТЭ-нің назарынан тыс қалмайтыны белгілі. Алайда экономика сарапшысы Махди Годсидің айтуынша, бұдан келер ешқандай қауіп жоқ.

Махди Годси, экономист:

- Иранның ядролық келісімді сақтамай, уран байыту ісін жалғастырғаны қауіп төндірмейді. Өйткені ядролық бомбаны жасап шығару үшін уран байытуды кем дегенде 90 процентке өсіру керек. Ал Иран тек төрт проценттен бес процентке дейін көтерді. Сондықтан бұған қатысты алаңдаудың қажеті жоқ.

Естеріңізге салсақ, былтыр АҚШ ядролық келісімнен шығып, Иранға қарсы санкцияларын күшейтті. Бұған қасарысқан Иран да келісімге сәйкес өзіне жүктелген міндеттемені сақтамайтынын аңғартты. Сыныққа сылтау іздегендей АҚШ Иранның Парсы шығанағындағы әр қимылын бағып, қосымша санкция салуға асық. Әрине бұл жағдай Иранға ұнамасы анық.

Әлемдегі мұнайдың 40 проценті өндірілетін Парсы шығанағында жанжалдар сол себепті  жиілей түскен.

Хабар 24 телеарнасы