384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда лаңкестердің шабуылынан 5 адам қаза тапты

  • 119
  • UPD: 07:29, 12.07.2019
Сирияда лаңкестердің шабуылынан 5 адам қаза тапты

Тағы 8 азамат жарақаттанған. Бұл туралы Сирияның азаматтық қорғаныс өкілдері хабарлады.

Шабуыл Идлиб аймағындағы тұрғын үйлерге жасалған. Бірақ үкіметтік әскер жауынгерлері шабуылшыларға тойтарыс беріп үлгерген. Желіге жүктелген видеолардан құтқарушылардың адамдарды жедел жәрдем көліктеріне салып жатқанын көруге болады. Айта кетсек, Идлиб лаңкестер орналасқан ақырғы тірек саналады. Ол соңғы екі ай бойы ұрыс алаңына айналған еді.

Хабар 24 телеарнасы