384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадалық ұшақ Гавайи аралдарына төтенше жағдайда қонып, 35 адам зардап шекті

  • 131
  • UPD: 10:04, 12.07.2019
Канадалық ұшақ Гавайи аралдарына төтенше жағдайда қонып, 35 адам зардап шекті

Air Canada әуе компаниясының ұшағы турбулентті аймаққа түсіп, Гавайи аралдарына төтенше жағдайда қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 35 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған. Алдын ала ақпарат бойынша Ванкуверден Сиднейге бағыт алған Boeing 777-200 әуе лайнері тоғыз мың метр шақырымда турбуленттік аймаққа түскен. Ізінше Гавайи штатындағы Гонолулуға қонуға мәжбүр болған. Әуе компания өкілінің айтуынша, зардап шеккендердің жарақаттары ауыр емес. Жалпы бортта барлығы 269 жолаушы және 15 экипаж мүшесі болған.

Хабар 24 телеарнасы