384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда 25 лаңкестің көзі жойылды

  • 134
  • UPD: 10:04, 12.07.2019
Сирияда 25 лаңкестің көзі жойылды

Сирия үкіметтік әскері мен арнайы жасақ елдің солтүстік-батысы Хама елді мекеніне жасалған қарсы шабуыл кезінде 25 лаңкестің көзін жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскерилер «Джебхат ан-Нусра» және «Джейш аль-Изза» радикалды топтары бақылауда ұстайтын Хамамият қаласын нысанға алған. Атыс кезінде қарсыласқа қарсы зеңбірек оқтары қолданылған. Салдарынан содырларлардың Абу Хафез Керназ және Кахура Махрук есімді командирлерінің көзі жойылды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, соңғы 48 сағат ішінде лаңкестік топ үкіметтік қорғаныс күшіне қарсы бірнеше мәрте шабуыл жасамақ болған. Хамада орналасқан содырлар базасына жауап қату үшін сириялық әуе күштері көмекке тартылды. 

Хабар 24 телеарнасы