383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда орман өрті 350 гектар жерге шарпыды

  • 124
  • UPD: 13:02, 12.07.2019
Түркияда орман өрті 350 гектар жерге шарпыды

Түркияның Мугла елді мекеніндегі орман өрті тәулік ішінде 350 гектар жасыл желектің көзін жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жайлы әзірге ақпар келіп түскен жоқ. Қызыл жалын 10 шілде күні күннің қатты ыстығымен араласқан жел салдарынан туындаған. Қысқа ғана уақыт ішінде ауқымды аймаққа шарпи түскен. Билік өкілдері өртті ауыздықтауға 105 өрт сөндіруші, 18 көлік, 20 тікұшақ және 550 ауыл шаруашылығы қызметкерлерін тартқан. Қауіпті аймақтағы қонақ үй мен екі елді мекенннің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қазір қызыл жалын толығымен сөндірілген.

Хабар 24 телеарнасы