384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладештегі рохинджа босқындарының лагері су астында қалды

  • 147
  • UPD: 15:40, 12.07.2019
Бангладештегі рохинджа босқындарының лагері су астында қалды

Бангладештегі Кокс-Базар қаласында орналасқан рохинджа босқындары лагерін су басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір адам көз жұмып, 11 босқын түрлі деңгейде жарақат алған. Ал мыңдаған адам уақытша мекенін тастап, қашуға мәжбүр болған. Осылайша, муссондық жаңбырдың соңы су тасу мен көшкінге ұласқан.Үш күн ішінде өңірге 350 мм жауын түскен. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ауа райының қолайсыздығына тап болған 11 мың босқынға шұғыл көмек көрсетті. Метеорологтардың хабарлауынша, муссондық жаңбыр келесі сейсенбіге дейін жалағасады.

Хабар 24 телеарнасы