389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британиядағы зообақта сурикат шақалары көпшілік көзайымына айналды

  • 234
  • UPD: 09:06, 13.07.2019
Британиядағы зообақта сурикат шақалары көпшілік көзайымына айналды

Честер қаласындағы зообақтардың бірінде сурикаттың шақалары таныстырылды.

Шұбалаң  құйрықтылар тұқымдасына жататын сүтқоректі жануардың шақалары осыдан алты апта бұрын туған. Зообақ қызметкерлері сурикаттардың видеосын жариялады. Оларға әлі ат қойылмаған. Жалпы,  сүтқоректілердің бұл түрі жабайы табиғатта мекендейді. Калахар, Ангола, Намибия, Ботсвана шөлдерінде және Оңтүстік Африка Республикасы аумағында кездестіруге болады. Сол себепті Честер зообағы сирек  кездесетін жануарларды тұрғындарға көрсету үшін жарты сағаттық сеанс ұйымдастырып тұрады. Мамандардың айтуынша, сурикаттар табиғатынан қызыққұмар және адамға үйір боп келеді.

Хабар 24 телеарнасы