389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда экология министрі күдікке ілінді

  • 246
  • UPD: 09:21, 13.07.2019
Францияда экология министрі күдікке ілінді

Францияда экология министрі Франсуа де Рюжи төңірегінде дау туды. Ол мемлекет қаржысын өз пайдасына жаратты деген күдікке ілініп отыр.

Саясаткер Ұлттық жиын төрағасы болған уақытта мемлекет қаржысын достарымен бірге ас ішуге шашқан. Сондай-ақ қызметтік үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін де қомақты қаржы жұмсаған. Бұған қоса де Рюжи Нанта маңында заңсыз түрде арзан бағамен пәтер жалдап жүрген. Осыған байланысты Франция премьер-министрі жіті тексеріс жүргізуді тапсырды. Үкімет басшысы де Рюжимен кездесу барысында кез келген лауазымды тұлғаның әрекеті ашық әрі үлгілі болу керектігін жеткізді. Өз кезегінде экология министрі тексеріс қорытындысы бойынша қандай да бір заң бұзушылық анықталса, тиынына дейін қайтаруға дайын екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы