383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Люксембургте қазақ қауымдастығы өз жұмысын бастады

  • 104
  • UPD: 13:44, 13.07.2019

Оның құрамына осы елде тұрып жатқан қандастарымыз және жергілікті компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтар кірген.

Қауымдастық қазақ халықының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын насихаттауды мақсат санайды. Ұлттық киім үлгілерін паш ететін көрме өткізіп, жергілікті тұрғындарды Ұлы Дала елінің мәдениетінен де хабардар етуді мұрат тұтады. Сондай-ақ Люксембургтегі құрметті консулдықпен бірлесіп бірнеше мәдени шара жоспарлап, қазақ өнерінің шеберлерінің қатысуымен  концерттік бағдарлама ұйымдастыруға ниетті.

Айгүл Құспан, ҚР Бельгиядағы Елшісі:

- Біздің мақсат екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыру әрі байланысты нығайту. Осы бағыттағы келесі қадам мәдени шаралар. Люксембургты Қазақстанды кеңінен танып, біледі. Қазақ өнерпаздары бұл елдің мәдиниетіне қанығады. Осылайша тағы бір бағытта байланыс орнайды.

Нұргүл Тұрсынова, Люксембургтегі қазақтар қауымдастығының басшысы:

- Бәріміз де туған өлкеміздің насихатшысымыз. Әлемге өз мәдениетімізді танытсақ дейміз. Өнерімізді көрсетеміз. Біздің әнді білсін, күйді естісін, биді тамашаласын. Тарихымызды зерттейді, ертең қазақ еліне саяхаттап келіп жатса тіпті ғанибет.

Хабар 24 телеарнасы