389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАТО кемесі Парсы шығанағына аттанды

  • 256
  • UPD: 15:39, 13.07.2019

Ұлыбритания Парсы шығанағына Данкан эсминецін жөнелтті. Әскери кеме жуырда ғана Қара теңізде НАТО ұйымдастырған әскери-теңіз оқу-жаттығуына қатысқан болатын.

Ол енді Парсы шығанағын күзетіп жүрген Монтроуз фрегатын ауыстырмақ. Ұлыбритания билігінің айтуынша, Данкан Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерінің еш кедергісіз өтуіне қамтамасыз етпек.

Айта кетейік, Батыс елдері мен Иран арасындағы шиеленістің басылар түрі жоқ. Жуырда Лондон Иранды теңіздегі британдық танкерді тәркіледі деп айыптады. Тегеран болса бұл айыпты теріске шығарды.

Хабар 24 телеарнасы