389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамптың кесірінен Кубаға келетін турист саны кеміп кетті

  • 225
  • UPD: 15:31, 13.07.2019
Трамптың кесірінен Кубаға келетін турист саны кеміп кетті

Биыл Кубаға ағылған туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 8,5 процентке азайды.

Өзегріс АҚШ президенті Дональд Трамптың америкалықтар үшін Кариб аралдарына бару ережесін қатаңдатқаннан кейін байқалды. Қазір елдегі қонақүйлердің көбі бос тұр. Естеріңізге салайық, өткен айдың бас кезінде ақ үй басшысы америкалықтарға круиздің лайнермен немесе жекеменшік ұшақпен Кубаға баруға тыйым салған болатын. Бұған қарамастан Кубада туристерге аналған көңіл көтеру орталықтары мен ғимараттардың құрылысы жалғасып жатыр. 

Фернандо Лопес, жегілген атты жүргізуші:

- Туризм саласы үшін қиын кезең басталды. Шаһар көшелерінде саяхатшылардың аздығы бірден байқалады. Круиздік лайнерлер келіп тұрғанда біраз жұмыс істеп қалатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы