383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда халық аптап ыстықтан әбігерге түсті

  • 153
  • UPD: 16:02, 13.07.2019
Үндістанда халық аптап ыстықтан әбігерге түсті

Ченнайда да күн күйіп тұр. Үндістандағы аптап тұрғындарды әбден әбігерге салды.

Жергілікті билік аймаққа суды 50 цистерна тиелген пойыз арқылы жеткізуге кірісті. Әр цистернада 50 мың литр су бар. Әзірге сумен Ченнай елді мекені жабдықталды. Ауыз су тапшылығы елдің басқа да өңірлерінде байқалады. Осыған орай елдің ондаған мектептері уақытша жабылды. Көптеген компаниялардың қызметкерлері жұмыстарына шықпай өз үйлерінде жұмыс істеп жатыр. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, жақын арады елде жаңбыр жаууы екіталай.

Хабар 24 телеарнасы