384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та дауылға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

  • 299
АҚШ-та дауылға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

АҚШ-тың Луизиана штатына «Барри» тропикалық дауылы жақындап қалды.

Осыған орай ел президенті Дональд Трамп өңірде төтенше жағдай режимін жариялады. Долы дауыл бірнеше күн бойы Мексика шығанағында ойран салды. Мамандардың айтуынша, қазір желдің екпіні сағатына 80 шақырымды құрайды. Табиғат апатынан Жаңа Орлеан қаласы ең көп зардап шегуі мүмкін. Қазір аймақта қатты жел мен бұршақ аралас нөсер жауын жауып тұр. Салдарынан шаһардың бірнеше ауданы топан су астында қалды. Құтқарушылар Миссисипи өзенінің маңында тұратын тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Әзірге апаттан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы