384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде лаңкестік әрекеттен 26 адам ажал құшты

  • 118
Сомалиде лаңкестік әрекеттен 26 адам ажал құшты

Сомалидің Кисмайо қаласында болған лаңкестік әрекеттен 26 адам мерт болды.

Қаза тапқандардың ішінде жергілікті билік өкілі мен шет ел азаматтары да бар. Тағы шамамен 50-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Мамандар зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін екендігін айтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, лаңкес қонақүй маңында өзін-өзі жарып жіберген. Кейін «Аш-Шабаб» атты террорлық ұйымның мүшелері ғимарат ішіне баса көктеп кірген.

Айта кетейік, «Аш-Шабаб» – атышулы «Әл-Каида» террорлық ұйымының құрамына кіретін лаңкестік топ. 2014 жылы Сомалиде аталмыш ұйымның бақылауында болған көптеген елді мекендер азат етілді. Дегенмен лаңкестер шабуылдарын әлі де тоқтатар емес.

Хабар 24 телеарнасы