384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда белгісіз біреу көлікпен бір топ адамды қақты

  • 111
  • UPD: 12:54, 14.07.2019
Лондонда белгісіз біреу көлікпен бір топ адамды қақты Корреспондент.net

Лондонның Баттерси ауданында автомобиль жүргізушісі қонақүй жанындағы бір топ адамды қағып кетті.

Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті. Бұл туралы Daily Star басылымы хабарлады.

Қаскөй бір топ адамды қонақүйден шығып бара жатқанда қаққан. Сондай-ақ сол мезетте дәл сол ауданда төбелес болған.

Зардап шеккендердің біреуі аяғы сынып, ауруханаға түсті. Қалған алтауы кішігірім жарақаттар алған.

Оқиға орнына келген полицейлер жеті адамды қамауға алды. Үшеуі адам өлтіруге оқталғаны үшін ұсталса, төртеуі қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы