384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте 40 мың адам жарықсыз қалды

  • 111
  • UPD: 13:49, 14.07.2019
Нью-Йоркте 40 мың адам жарықсыз қалды interfax.ru

Нью-Йорк қаласында 40 мыңға жуық тұрғын жарықсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шаһардың Мидтаун мен Жоғарғы Вест-Сайд ауданында электр қуаты өшкен. Мамандардың айтуынша, оған Манхэттенде орналасқан трансформатордағы техникалық ақау себеп. Салдарынан бағдаршамдар өшіп көлік қатынасына біраз қиындықтар туды. Метро станциясында да қозғалыс тежелді. Ондаған адам тұрғын үйлдегі лифттерде қамалып қалған. Ал жергілікті билік «бұл мәселе жақын арада шешіледі» деп уәде етті.

Хабар 24 телеарнасы