384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда су тасқынынан 6 адам көз жұмды

  • 110
  • UPD: 14:10, 14.07.2019
Үндістанда су тасқынынан 6 адам көз жұмды

Үндістанның Ассам штаты топан су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта нөсер жауынның тоқтайтын түрі жоқ. Тасқын салдарынан сел жүріп, 6 адам мерт болды. Жергілікті билік «қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін» дейді. Құтқарушылар жоғалған ондаған адамды әлі де іздестіріп жатыр. Мамандар қауіпті аймақтарда 800 мың адам бар екенін айтады. 7 мыңға жуық тұрғын уақытша баспанаға эвакуацияланды. Жергілікті БАҚ өкілдері ондаған мың гектар жер телімі жарамсыз күйге айналғанын хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы