389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада басталған «Барри» дауылы АҚШ-қа жетті

  • 212
  • UPD: 14:36, 14.07.2019
Мексикада басталған «Барри» дауылы АҚШ-қа жетті news.rambler.ru

Мексика шығанағында ойран салған Барри дауылы Құрама штаттарының аумағына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, қазір дауылдың екпіні бәсеңдеді. Желдің жылдамдығы сағатына 96 шақырымды құрайды. Аймақта желмен қоса жауын жауып тұр. Құтқарушылар қауіпті жерлерден тұрғындарды эвакуациялады. Ал, Луизиана штатында төтенше жағдай режимі жарияланды. Табиғат апатынан адам шығын жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы