Ауғанстанның Бадгиз провинциясында қаруланған жауынгерлер қонақүйге шабуыл жасады.
Оқиғадан 10 адам жарақат алды. Ғимараттағы тәртіп сақшыларымен лаңкестердің арасында болған атыс-шабыстан 3 содырдың көзі жойылды. Тағы екеуі тұтқындалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, лаңкестік оқиғаға қатысты жауапкершілікті аймақтағы атышулы «Талибан» террорлық ұйымы өз мойнына алды.