389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция Бастилияны басып алу күнін атап өтті

  • 379
  • UPD: 19:57, 14.07.2019

Франция халқы елдің Ұлттық мейрамы болып саналатын - Бастилияны басып алу күнін атап өтті.

Мерекеге орай әскери парад ұйымдастырылды. Оған ел президенті Эммануэль Макрон да қатысты. Салтанатты шараға 4 мыңнан астам сарбаз бен 200-ге жуық арнайы техника, сонымен қатар 237 ат, 69 ұшақ пен 39 тікұшақ жұмылдырылды. Естеріңізге салайық, 1789 жылы париждіктер көтеріліске шығып, Бастилия қамал түрмесін басып алды. Бұл оқиға Ұлы француз революциясының бастамасы болып есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы