383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сардиния аралында орман өрті өршіп тұр

  • 77
  • UPD: 19:33, 14.07.2019
Сардиния аралында орман өрті өршіп тұр

Италияның оңтүстігіндегі Сардиния аралында орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жау бір адамның өмірін қиды.

Мамандар марқұмның денесін Апулия ауданында тапты. Лапылдаған қызыл жалынмен ондаған өрт сөндіруші арпалысып жатыр. Оған ұшақтар мен тікұшақтар жұмылдырылды. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда. Өйткені жалын жергілікті лагерьлер мен тұрғын үйлерге дейін жетті. Ауа райының қолайсыздығы өртті ауыздықтауға кедергі жасауда. Аймақта қазір аптап ыстық пен қатты жел тұр.

Хабар 24 телеарнасы