388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Нетаньяху «Хезболлаға» оңдырмай қарымта соққы беретінін хабарлады

  • 306
Б.Нетаньяху «Хезболлаға» оңдырмай қарымта соққы беретінін хабарлады Stmegi

Таяу Шығыста жағдай ушығып барады.

Жуырда Ливандағы «Хезболла» ұйымының бас хатшысы Хасан Насрулла телеарналардың бірінде берген сұхбатында зымырандарының Израиль аумағына жететінін айтты. Тіпті картадан да сызып көрсетті. Осыдан кейін Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху «Хезболла» шабуыл жасаса, оңдырмай қарымта соққы беретінін хабарлады.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Хасан Насрулланың жоспарын естідім. Өздерін тым мықтымын деп есептейді. Оның жылдар бойы салған жерасты үңгір жолдарын бір күнде-ақ жойып жібергенбіз. Израильге тісін батырса, біз де аяушылық танытпаймыз. Насрулла сияқты жоспарымызбен бөліспеймін.

Хабар 24 телеарнасы