389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуіл соңы қақтығысқа ұласты

  • 155
  • UPD: 13:33, 15.07.2019
Гонконгте ереуіл соңы қақтығысқа ұласты

Гонконгте ереушілер мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде 28 адам зардап шекті.

Екі адам аса ауыр халде ауруханаға түсті. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам ем алып жатыр.  Үкіметке қарсы наразылық акциясы әуелде бейбіт сипатқа ие болған еді. Гонконгтің Шатин аумағында ұйымдастырылған шеруге 115 мың адам жиналды. Наразылық шеруі аяқталған кезде жүздеген адам үйге қайтпай, жолдарды бөгеп тастаған. Полицияның қыспағынан кейін ереуілшілер «Нью Таун Плазаға» ығысты. Сол тұста қақтығыс басталды. Ереуілшілер полицияға тас, бөтелке лақтырса, тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды. 

Хабар 24 телеарнасы