386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың экономикалық өсімі 6,3% құрады

  • 155
  • UPD: 18:58, 15.07.2019
Қытайдың экономикалық өсімі 6,3% құрады

Қытайдың соңғы жарты жыл ішіндегі экономикалық өсімі 6,3%-ті құрады.

Бұл туралы Қытай елінің мемлекеттік статистика басқармасының баяндамасында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың есебіне сай, бұл соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткіш. Атап айтқанда, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 6,4% болса, екінші тоқсанда ол 6,2%-ке азайған. Сарапшылардың болжамына қарағанда, Қытай экономикасының дамуы алдағы уақытта да бәсеңдей бермек. Себебі сыртқы сұраныс біршама төмен.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қытай халық республикасының экономикасы қиын кезеңді өткеруде. Оған АҚШ-пен өзара сауда соғысы себеп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы