376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда әуе апатынан 8 парашютист пен ұшқыш қаза тапты

  • 403
  • UPD: 23:52, 15.07.2019
Швецияда әуе апатынан 8 парашютист пен ұшқыш қаза тапты

Швециядағы әуе апаты салдарынан 8 парашютист және ұшқыш қаза тапты.

Оқиға елдің солтүстігінде орналасқан Умео қаласының маңындағы солтүстік Вестерботтен провинциясында орын алған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Парашютистерді тасымалдаған бір моторлы спорттық ұшақ құлап түскен. Әуе кемесінің бортында сегіз парашютист пен бір ұшқыш болған. Барлығы да көз жұмды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, GA8 Airvan үлгісіндегі ұшақ Умео әуежайынан аттанғаннан кейін 42 минуттан соң апат туралы белгі беріп, құлаған. Оқиғаның себептері анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы