387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда аттракцион апатынан 2 адам қаза тапты

  • 151
  • UPD: 07:47, 16.07.2019
Үндістанда аттракцион апатынан 2 адам қаза тапты

Үндістанның батысында орналасқан Ахмедабад қаласының аттракциондар бағында апат болып, екі адам қаза тапты.

Тағы 28 азамат түрлі жарақат алған. Он бесінің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Белгілі болғандай, аттракцион жұмыс барысында істен шыққан. Сөйтіп, 30 адам мінген құрылғының бір бөлігі төмен құлаған. Қазір тәртіп сақшылары оқыс оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Хабар 24 телеарнасы