386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянмада су тасқыны салдарынан 18 мыңнан астам адам эвакуацияланды

  • 158
  • UPD: 07:54, 16.07.2019
Мьянмада су тасқыны салдарынан 18 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Мьянмада су тасқыны салдарынан 18 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр.

Толассыз жаңбырдан өзендер деңгейі көтеріліп, жүздеген үй су астында қалған. Тасқыннан ең қатты Качин штаты зардап шегіп отыр. Бұл аймақтан 14 мыңдай адам көшірілген. Тағы 4 мыңға жуық тұрғын мектептерге орналастырылған. Олар жергілікті биліктің су тасқыны туралы дабылынан соң көшіріліпті. Қазір төтенше жағдайға байланысты құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, оңтүстік-шығыс Азия елдерінде жаңбырлы маусым мамыр мен қазан айлары аралығында болады.

Хабар 24 телеарнасы