385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кашмир аймағында табиғи апат салдарынан 22 адам хабарсыз кетті

  • 168
  • UPD: 09:39, 16.07.2019
Кашмир аймағында табиғи апат салдарынан 22 адам хабарсыз кетті

Пәкістанға қарасты Кашмир аймағында нөсер жаңбыр соңы тасқынға ұласып, 22 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Олардың екеуі жауынгер болса, қалғандары Таблихи Жамағат діни тобының мүшелері. Жергілікті биліктің болжамы бойынша, олардың барлығы мерт болуы мүмкін. Табиғи апат салдарынан Лесва және Нилум алқабында орналасқан елді-мекендер зардап шеккен. Жолдар шайылып, ауылдар байланыссыз қалды. Қазір құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы